«Атырау облысы Білім беру басқармасының Атырау қаласы білім бөлімінің
«№13 «Балапан» бөбекжай-бақшасы» КМҚК
Мақсаты: Ата-аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып, олардың отбасылық тәрбие туралы білімдерін кеңейту, тәрбиенің үздік үлгілерін насихаттау. Ата-аналардың балабақшамен , тәрбиешілермен, басқа ата-аналармен тұрақты қарым-қатынасын қалыптастыру.
Бүлдіршіндердің әнге, өнерге деген қызығушылығын арттыру және дауысымен, әнге биге деген қабілеттерін шыңдау. қазіргі заманның Қазақстандық қоғамында отбасының мәртебесін және рөлін арттыруда, жауапты ата-аналықты насихаттауда, отбасы тәрбиесінің ата-аналарға жан-жақты көмек көрсетуде.Балапан балабақшасында балалармен ата-аналар арасында «Әнші жанұя» сайысы өткен болатын. Бүлдіршіндер апаларымен, аналарымен ән айтып сайысқа түсті.
Толығырақ...№13 Балапан балабақшасының ұйымдастырумен ортаңғы топ балалары арасында «Екі Жұлдыз» атты ән сайысы өткізілді. Сайысқа жеті жұп қатысты. Сайыс барысында балаларға қойылған талаптар: Әнді шығармашылықпен еркін орындау, әннің сөзін анық және ырғақты сақтап айту, әуенге сәйкес би қимылдарын көрсету және сахна мәдениетіндегі шеберліктері қаралды.
Сайыста Тәуелсіздік –Ел ұраны әнін орындап №16 «Айгөлек тобының бүлдіршіндері Аяна Азаматқызы, Алпамыс Жасұланұлы Бас Жүлде иеленсе №17 Қызғалдақ тобынан Абдрашид Аяжанұлы мен Альмира Нұрболқызы І-орынды иеленді. Балабақшадағы бұл сайыстың өткізілу мақсаты: балаларды ерте жастан ән салу арқылы өлеңнің мазмұнын, тәрбиелік мәнін саналы түрде меңгеруіне мүмкіндік беру. Ән айту - музыкалық тәрбиенің аса маңызды құралы. Мектеп жасына дейінгі кезең баланың өсіп, дамитын кезеңі болғандықтан ән айту - баланың тыныс алуына, дауыс аппаратының шынығуына көмектеседі. Сол себептен музыкамен ырғақты қимылдарды орындату арқылы балаларды сергек, көңілді жүруге, дене бітімінің сымбатты болып өсуіне, денсаулықтарын нығайтуға әсері мол.
Балабақшадағы бүлдіршіндердің арасынан еліміздің болашақ әншілері, бишілері, өнерпаздары шығуы мүмкін. Сол бүлдіршіндерді балабақша кезеңінен бастап өнерге баулу, шығармашылығын шыңдау, музыкалық, эстетикалық тәрбие беру - педагог тәрбиешілердің музыка жетекшілерінің басты міндеттерінің бірі. Балабақшада балаларға музыкалық тәрбие беру арқылы бала бойына әдемілік пен әсемдікті қалыптастыруға болады. Сайыс «Атырау» газетіне мақала болып шықты.
Атырау қаласы білім бөлімінің «№13 «Балапан» бөбекжай-бақшасы» КМҚК



