«Атырау облысы Білім беру басқармасының Атырау қаласы білім бөлімінің
«№13 «Балапан» бөбекжай-бақшасы» КМҚК
Мақсаты: Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру. Күз өнімдерімен таныстыру, олардың ағзаға пайдасын түсіндіру. Мерекелік көңіл – күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс - әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру. Шығармашылық ой - қиялдарының дамуына ықпал ету. Ата - аналар қауымымен тығыз қарым – қатынас қалыптастыру.
Толығырақ...Орталық жұмысы 5-15 жас аралығындағы балалардың шығармашылық қабілеттерін, инклюзивті білім беру мен моторикасын дамытуға бағытталған, деп хабарлайды Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі. "Венера" инклюзивті шығармашылық шеберханасы аутизм, Даун синдромы, сал ауруы секілді дамуында ерекшеліктері бар балалармен жұмыс істейді, жаңа нысанда ата - аналарға психологиялық көмек көрсету мен қолдау шаралары да қамтылған. -Орталық 25 адамға арналған, мұнда балалармен логопед, арт-терапия, логоритмика мамандары айналысады.
Сенсорлық-динамикалық интеграция залы, дене шынықтыру, бейімделу залы бар. Ата - аналарды қолдауға бағытталған шаралар да ұйымдастырылады. Бейіндік мамандардан бөлек АВА терапия кабинеттері жұмыс істейді. АВА-терапияның басты мақсаты- баланың жеке қабілеттерін негізге ала отырып, мінез-құлық технологиясы мен әсер ету әдісі арқылы жаңа дағды қалыптастыруға, қоршаған ортаны өз еркімен меңгеруіне мүмкіндік жасау,-дейді орталық басшысы, ерекше баланың анасы Гулбарам Ермұқанова.
-Орталық жұмысының басталуына демеушілер көмек жасады, мемлекет тарапынан ғимарат берілді. Орталықтың ашылу салтанатына Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев қатысып, атқарылып жатқан шаралардың маңыздылығын атап өтті. Жергілікті атқарушы органдар ерекше балалардың проблемалық мәселелерін шешу үшін барлық жағдай жасауға дайын. Бұл мемлекеттің болашақ ұрпаққа деген қамқорлығы, балаларды әлеуметтік бейімдеуге қолдау көрсету.
-Қазіргі қоғамда мүмкіндіктері шектеулі балалардың әлеуметтік дамуы өзекті мәселелердің бірі. Осы орталықтың ашылуын көптен күттік. Балалар мен ата-аналардың жағдайлары баршаңызға белгілі. Ерекше балаларды әлеуметтендіру үшін не істеу керек? Біз өз тарапымыздан осындай орталықтарды құруға қажет жағдайдың бәрін жасауға дайынбыз. Облыс аудандарында да осындай орталықтар ашу мәселесі күн тәртібінде тұр. Осы сәтті пайдаланып, орталықтың ашылуына көмек қолын созған азаматтардың, демеушілер мен еріктілердің бәріне, басқаның тағдырына немқұрайлы қарай алмайтын абзал жандарға алғыс айтамын,-деді Нұрлан Ноғаев. Орталық жұмысымен танысқан аймақ басшысы әлеуметтік мәселелерді шешуге қоғамды, қоғамдық ұйымдар мен бизнес қауымдастықты белсенді тарту керектігін атап өтті. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстардың да маңызы зор. Азаматтық қоғам мен мемлекеттік өзара байланысы көптеген мәселелердің шешімін табуына ықпал етеді.
Толығырақ...Бүгінге дейін мың жарым қатысушы жүгіруге тіркелді, деп хабарлайды Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі. Биыл үшінші рет өткелі отырған дәстүрлі марафон кең көлемде болады және үш мыңға жуық қатысушы бақ сынайды деп күтілуде. Бүгінге дейін Қазақстанның ірі қалалары - Нұр-Сұлтан, Алматы, Өскемен, Орал, Ақтөбе, Көкшетаудан желаяқтар бұқаралық жүгіруге қатысуға өтінім берді. Үшінші қайырмдылық жүгіру шарасындағы бес қашықтықтың біріне қатысуға шетел азаматтары мұнай компанияларының мамандары да ниет білдірген. - Қатысушылардың таңдауына бес қашықтық 42 км, 21 км, 10 км, 3 км, 1,2 км (балаларға арналған) ұсынылады. Жеңімпаздар жастарына қарай 76 санат бойынша марапатталады.
Жалпы жүлде қоры 5 млн теңге,-дейді "Atyrau Marathon-2019" ұйымдастыру комитетнің вице президенті Юрий Пономарев. Ұйымдастырушылардың айтуларынша, ең алыс үш қашықтыққа қатысу үшін ақшалай төлем жасау керек, түскен барлық қаражат қайырымдылық мақсатқа-жетім және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасы балаларына жұмсалады. 3 және 1,2 км қашықтыққа жүгіруге қатысу тегін. Марафонның барлық қатысушыларына естелік медаль беріледі, ал жүлдегерлерді демеушілер дайындаған арнайы сыйлықтар күтіп тұр. "AtyrauMarathon-2019" ҚР Тұңғыш Президенті жариялаған Жастар жылы аясында өтеді. Әр түрлі қашықтықтағы жүгіруге қала мен облыстағы жастар өкілдері қатысады.
-Жастар саясатын дамыту-қоғамдағы басты бағыттың бірі. Ел болашағы жастардың қолында. Қай салада болса да жоғары нәтиже көрсетіп, саламатты өмір салтын қолдап, спортпен шұғылдану керек. Сондықтан, біз өңір жастарын марафонға белсенділікпен қатысуға шақырамыз,-дейді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ринат Ибрагимов.
Марафонға қатысу үшін www.atyraumarathon.kz сайтында және Құрманғазы-12 мекенжайында орналасқан INFINITY FITNESS клубында тіркелуге болады. Бүгінге дейін 1,5 желаяқ тіркеуден өткен. Айта кету керек, марафонның барлық қатысушылары үшін апта сайын жаттығу өтеді. Сейсенбі, бейсенбі күндері сағат 19.30-да Сұлтан Бейбарыс ескерткіші алдында, жексенбі 8.00 Х. Досмұхамедов атындағы АМУ стадионында. "Atyrau Marathon-2019" қайырымдылық марафоны 14 сәуірде болады. Мәре орны- Сұлтан Бейбарыс алаңы. Бұқаралық жүгіру уақытында орталық көшелерде қозғалыс шектеледі. Жиналу танғы сағат 6 - да.
Толығырақ...Мақсаты: Балаларды отанды сүюге, құрметтеуге, желтоқсандықтарға әрдайым құрмет көрсетуге, адамгершілікке, әділеттілікке, ел мен жердің қадір-қасиетін білуге баулу. Балаларды ұлттық рухқа, партриоттық сезімге тәрбиелеу.
Толығырақ...Атырау қаласы білім бөлімінің «№13 «Балапан» бөбекжай-бақшасы» КМҚК





